11.08.2025, 14:30
Оқылды: 105

Республикалық «Абай оқулары» байқауынан І орын

Халқымыздың ұлы ойшылы, ақын, аудармашы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған шаралар республикамызда кеңінен өткізілуде.

image-11-08-25-12-44 (1)

Соның бірі жуырда Шымкент қаласында оздырылған республикалық «Абай оқулары» байқауы. Осы байқауға шыңғырлаулық жерлесіміз, Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының талантты актері Азат Мынбаев та барып қатысып, өнерімен, тыңғылықты әзірлігімен көрермендер мен әділ қазылар алқасын тамсантып қайтты.

image-11-08-25-12-44-1

Еліміздің түпкір-түпкірінен келген өнер майталмандары арасынан суырылып алға шыққан Азат Ұлы ақынның шығармаларын тебірене оқып, жүлделі І орынды жеңіп алды. Сахнаны ғана емес, жыр әлемін де жанына серік еткен, әрі кинода да жарқын рөлдерімен танылып жүрген жерлесіміздің әлі де талай тамаша табыстарымен ауылдастарының сенімін ақтары сөзсіз.

                                                                                        Нұрғали Сабыров,

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале