Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласындағы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардағы жұмыстардың барысымен танысты.

Бағдарламаның алғашқы нүктесі – Курени ауданындағы Жайық өзенінде жүргізіліп жатқан жағалауды нығайту жұмыстары болды. Жоба өзен маңы аумақтарын су басудан қорғауға, жағалауды бекітуге және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған.

Одан кейін аймақ басшысы А.Н. Островский атындағы орыс драма театрының қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Жаңарту нәтижесінде көрермендер мен театр қызметкерлеріне жайлы жағдай жасалып, мәдени іс-шараларды өткізу мүмкіндігі кеңейеді.

Келесі нысан – Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театры. Мұнда да ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жобада ғимараттың сәулеттік келбетін сақтау мен сахнаның техникалық жабдықталуын жақсартуға баса назар аударылған.

Сондай-ақ Нариман Төреғалиев Орал қаласындағы Стелла ескерткішіне барып, оның қаланың маңызды нышандарының бірі екенін атап өтті. Мұнда ескерткіш маңын абаттандыру және көркейту бойынша ұсыныстар қарастырылды.
Сапардың соңғы нүктесі – С.Датов атындағы алаң. Мұнда абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жоспарға сәйкес, тұрғындардың демалуына және бұқаралық іс-шаралар өткізуге арналған заманауи қоғамдық кеңістік құрылмақ.

Сапар қорытындысында Нариман Төреғалиев әр жобаға қатысты өз пікірін білдірді:
«Барлық жұмыстардың басты мақсаты – тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын арттыру. Біз халықтың демалуына, мәдени дамуына және тарихи мұраны сақтауға жағдай жасап жатырмыз. Әр жоба уақытылы әрі сапалы орындалуы тиіс, өйткені бұл тікелей қаламыздың келбетіне және тұрғындардың жайлылығына әсер етеді», – деді облыс әкімі.
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі