12.08.2025, 15:30
Оқылды: 346

Жаңа өнімді қабылдауға элеваторларды дайындау жүргізілуде

"Жаппай орақ науқаны қарсаңында өңірлерде 2025 жылғы өнімді қабылдауға арналған элеватор сыйымдылықтарын босату бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Іс-шаралар жиналған астықтың сақталуын және оны үздіксіз сақтау процесін қамтамасыз етуге бағытталған", - деп хабарлайды ҚР ауыл шаруашылық министрлігі.

_gluster_2025_8_12_253db14dc6b6863a356814c869725028_1280x720

Фото: www.gov.kz

Облыс әкімдіктерінің мәліметінше, астық сақтау сыйымдылығының жалпы көлемі 30,9 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде 13,5 млн тоннасы — жұмыс істеп тұрған лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарында, 17,4 млн тоннасы — ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде.

Qoldau.kz ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, лицензияланған астық қоймаларының жүктемесі 2,3 млн тоннаға (17%) жетеді, ал бос көлемі шамамен 11 млн тонна. Бұл сыйымдылықтар, өткен жылдардағы ауыспалы қалдықтарды ескере отырып, жаңа өнімді қабылдауға жеткілікті.

ҚР АШМ элеваторларды босату барысын мониторингтеуді жалғастыруда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале