18.08.2025, 13:00
Оқылды: 177

«Өрлеу» бағдарлама аясында шағын және орта бизнестің 417 жобасы 203,7 млрд теңгеге жеңілдікпен қаржыландырылды

2025 жылдан бастап Қазақстанда бірлескен қаржыландыру шарттарымен «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды: қаражаттың 60%-ын банктер, 40%-ын «Даму» қоры ұсынады. Бағдарлама инвестициялық мақсаттарға жеңілдікпен қарыз беруге, айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ 2025 жылғы 1 қаңтардан кейін берілген қолданыстағы кредиттерді қайта қаржыландыруға бағытталған. Бұл туралы ҚР Үкіметінің ресми сайты жазды.

IMG_8997

Бағдарламаның мақсаты – өндірісті кеңейту, технологиялық тұрғыда жаңарту және экономиканы әртараптандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау. Қаржыландыру, ең алдымен, басым салаларға бағытталатын болады: өңдеу өнеркәсібі, агроөңдеу, логистика, білім беру, денсаулық сақтау және басқалар.

Бүгінгі таңда жалпы сомасы 203,7 млрд теңгеге 417 жоба қаржыландырылды. Мұны отандық кәсіпкерлерді қолдауға және экономиканың нақты секторын дамытуға банктердің белсенді түрде тартылып жатқанынан көруге болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале