21.08.2025, 21:00
Оқылды: 698

Казталовта оқу-жаттығу жиыны қорытындыланды

Бүгін Казталов ауданында 11-20 тамыз аралығында өткен тактикалық және әскери-экономикалық оқу-жаттығу жиыны қорытындыланды.

FB_IMG_1755783525015

Алдымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс аудан әкімі Асланбек Сарқұловтың төрағалығымен жиын өтті. Жиынға БҚО әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі Мақсат Мұқанов, 99250 әскери бөлімнің командирі Расул Закиров, облыстық күштік құрылымдар, басқарма басшылары және аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

FB_IMG_1755783537718

Казталов ауданының жұмылдыру дайындығының жай-күйін анықтау мәселесі талқыланған жиында БҚО әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі Мақсат Мұқанов, аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Дулат Малаев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ерген Тасқалиев, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Біржан Баймұханов баяндама жасады.

Аудан әкімі оқу-жаттығу жиынының мәні мен маңызына тоқтала отырып, жұмылдыру дайындығы мәселелеріне назар аудару қажеттігін атап өтті.

FB_IMG_1755783520541

-  Біздің жаттығулар халықаралық жағдайдың шиеленісуі аясында өткізілуде. Әлемдегі әскери-саяси жағдай шиеленіскен күйде қалып отыр, бұл мемлекеттер арасындағы стратегиялық ресурстар, коммуникациялар және т.б. үшін күрестің күшеюімен байланысты. Осы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, барлығымыз жұмылдыру дайындығы мәселелеріне тұрақты назар аударуымыз қажет, - деді аудан әкімі.

Он күндік оқу-жаттығу барысында 206 әскери міндетті офицерлер мен сержанттар сапқа тұрып, әскери дайындықтарын күшейтті. Олар теориялық білімдерін тәжіриемен ұштастыра отырып, атыс дайындығы, инженерлік тосқауылдарды орнату, барлау және күзет қызметтері бойынша шеберлік сабақтары, медициналық, саптық және байланыс жаттығулары, аумақтық қорғаныстарды ұйымдастыру, атыс қаруымен жұмыс істеу, саптық дайындық, қарсыластың шабуылына тойтарыс беру, стратегиялық нысандарды күзетуді меңгерді.

FB_IMG_1755783531226

Қорытынды жиында әскери жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырып,  қатысушыларға қолайлы жағдай жасаудағы белсенділігі мен кәсіби шеберлігі үшін Рашит Нәсіпқалиұлы, сонымен қатар жоғары жауынгерлік дайындық, тәртіп пен жауапкершілік танытып, қойылған міндеттерді абыроймен орындағаны үшін Абзал Бақтыгерейұлы, Айбек Амангелдіұлы, Нұркен Нұрлыбайұлы, Айбек Жасұланұлы, Асхат Кенжеболатұлы, Рүстем Ерсінұлы облыс әкімінің алғысхатымен марапатталды.

FB_IMG_1755783533394

Сондай-ақ бірқатар азаматтар 99250 әскери бөлімнің командирінің грамотасымен, гір тасын көтеру, шағын футбол, қол күресі сынды спорт түрлерінен жеңіс тұғырынан көрінген азаматтар арнайы дипломдармен марапатталды.

Казталов ауданы әкімдігінің

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале