22.08.2025, 15:45
Оқылды: 447

Ералы Тоғжанов Оралда әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысымен танысты

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Орал қаласына келіп, өңірдің инфрақұрылымдық дамуына бағытталған бірқатар жобаларды аралады.

тэц (1)

Алдымен ол «Зачаганск–Переметное», «Переметное–Каменка», «Чапаево–Первомайское» бағыттары бойынша әуе электр желілерін қайта құру жұмыстарының барысымен танысты.

тэц (2)

Жоба сәуір айында басталған. Қазіргі уақытта құрылысқа 22 адам тартылып, жұмыстар жоспарға сай жүргізілуде. Түркістан облысынан әкелінген 800 дана электр бағанасын орнату қарастырылған.

тэц (5)
Одан әрі Ералы Тоғжанов жаңа «Ақжайық» шағынауданындағы көтерме сорғы стансасының құрылысын тексерді. Нысан тұрғындарды ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған. Құрылысқа жауапты мердігер ұйым қаржыландыру мәселесінің толық шешілгенін хабарлады.

тэц (13)

 

Жобаны желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарланғанымен, кеңесші құрылысшыларға жұмысты жеделдетіп, мерзімінен бұрын тапсыруды тапсырды. Сондай-ақ ол күн сайынғы жұмыс кестесін жүргізу қажеттігін атап өтті.

тэц (12)

 

Сапар барысында Премьер-Министр кеңесшісі «ЖайықТеплоЭнерго» АҚ-на қарасты «ТМ-2 жылу магистралін ЖЭО-дан «City Centre» сауда орталығына дейін қайта құру» жобасының жай-күйін көрді. Сонымен қатар Айтиева және Сарайшық көшелерінде жүргізіліп жатқан электр желілерін ауыстыру жұмыстарымен танысты.

тэц (14)

Ералы Тоғжановтың айтуынша, аталған жобалардың барлығы халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді.

Бекзат Қанаділов
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале