26.08.2025, 13:00
Оқылды: 421

Қазақстанның санақ тарихы

Халық санағы – бұл ел халқының белгілі бір уақыт кезеңіндегі демографиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайын сипаттайтын деректерді жинау мен өңдеуді қамтитын ауқымды статистикалық бақылау.

5289748234073405144

Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы ұлттық халық санағы 1999 жылы өткізілді. Бұл санақ халық саны мен құрылымы туралы толық мәлімет беріп, болжамдар мен басқарушылық шешімдер қабылдауға негіз болды. Кейінгі санақтар 2009 және 2021 жылдары жүргізілді. Соңғы науқанда алғаш рет цифрлық технологиялар – планшеттер мен онлайн платформа қолданылды.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері туралы сандық және сапалық толық мәлімет алу үшін ауыл шаруашылығы санағы да жүргізіледі. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) ұсынымы бойынша мұндай санақ әр 10 жыл сайын өтуі тиіс. Қазақстанда алғашқы ауыл шаруашылығы санағы 2006-2007 жылдары өткізілді. Ол кезде 205 мың ауыл шаруашылығы құрылымы мен 2,1 млн үй шаруашылығы есепке алынған. Қазіргі уақытта екінші ауыл шаруашылығы санағы жүргізіліп жатыр және ол 20 қазанға дейін жалғасады.

Айта кету керек, санақтар кеңес кезеңінде де өткізілген. Алғашқы Бүкілодақтық халық санағы 1926 жылы өтті. Оның бағдарламасына қазақ үй шаруашылықтарына арналған арнайы сауалнама енгізілді. Осы санақ материалдарының негізінде статистика басқармасы алғаш рет барлық елді мекендер мен халық санын көрсететін уез бен губерниялардың карталарын құрастырып, басып шығарды. Санақ қорытындысы бойынша ҚазКСР халқының саны 6,2 млн адамды құрады. Бұдан бөлек, сол кезеңде басқа да ауқымды санақ науқандары жүргізілді: мектептер санағы, совхоздар мен колхоздардың жаппай санағы, сондай-ақ ұсақ және қолөнер кәсіпорындарының санағы.

Дереккөз: QAZSTAT

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале