26.08.2025, 15:00
Оқылды: 237

Құқықтық  мәдениет – қоғамның  құндылығы

«БҚО  «Азаматтық альянсы» қауымдастығы» заңды  тұлғалар  бірлестігі  мен  облыстық әділет  департаменті  ҚР Конституциясы күніне орай «Менің  құқығым  бар!»  атты іс-шара өткізді. Іс-шараға  заңгерлер, әділет  құрылымдарының  өкілдері,  үкіметтік  емес  ұйымдардың  мүшелері  мен  жастар  қатысты. 

69521478-f18f-4f58-85ff-929e8cfb6d9d

Іс-шараның мақсаты – үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) мен белсенді азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу, олардың құқықтары мен міндеттері жөнінде ақпарат беру. Облыстық әділет департаментінің басшысы Әлия Тасыбаева үкіметтік емес ұйымдарды құрудың тәртібі туралы жан-жақты баяндады. ҮЕҰ – халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыратын және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесетін коммерциялық емес ұйым. Бүгінде облыста 704 үкіметтік емес ұйым бар. Оның 131-і – қор, 480-і – қоғамдық бірлестік, 44-і – ассоциация болса, 49-ы – мекеме. Іс-шара барысында қатысушылар департамент басшысына ҮЕҰ-ды құру, тіркеу және жұмысын тоқтатуға қатысты сұрақтар қойды. Ұсыныс-пікірлерді талқылады. Сондай-ақ «БҚО «Азаматтық альянсы» қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Аида Мектепқалиева, облыстық әділет департаментінің басшысы Әлия Тасыбаева және «Достық алаңы» балалар және жастар қоғамдық бірлестігінің басшысы Үміт Шадеева өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Оның мақсаты – халық арасында бірлескен құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу, азаматтарға заңгерлік кеңес беру және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Айна Имашева,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале