30.08.2025, 10:00
Оқылды: 331

БҚО әкімі Конституция күнімен құттықтады

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев батысқазақстандықтарды Ата заңның 30 жылдығымен құттықтады.

photo-output

Сіздерді 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздің басты құжаты – Ата Заңымыз тәуелсіз Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі берік іргетасы болып табылады. Конституция – азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, бейбітшілік пен келісімнің, тұрақтылық пен өркендеудің негізгі тірегі.

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жүргізіп отырған саяси реформалардың басты арқауы да – Конституцияда бекітілген әділетті қоғам құру қағидаттары. Әділетті Қазақстанда жүзеге асып жатқан реформалар игі жемісін беруде. Еліміз гүлденіп, мемлекеттілігіміз нығая түсуі үшін бәріміз де қажырлы қызмет пен жасампаз еңбекке мүдделілік танытуымыз шарт.

Осынау айтулы мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, амандық-саулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін. Егемен еліміздің еңсесі биік, болашағы жарқын болсын!

Ашық аспан аясында жасампаз еңбегімізбен туған елімізді жайната берейік!

Қазақстан Республикасының Конституция күні құтты болсын!

Құрметпен, Батыс Қазақстан облысының әкімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале