27.08.2025, 17:45
Оқылды: 278

Сырымдық 97 оқушы грант иегері атанды

2024-2025 оқу жылында Сырым ауданы бойынша 11 сыныпты 208 оқушы аяқтаған. 206 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, болашақ мамандықтарын айқындаған. 

Large group of happy college students celebrating their graduation day outdoors while throwing their caps up in the air.

Сурет: istockphoto.com

“Балапанды күзде санайды” - дегендейін, тамыз айы - оқу мен ізденістің өтеуін күтетін сәт. Биыл Аудандық білім беру бөлімі берген мәліметке сүйенсек, Сырым ауданы бойынша 97 түлек жоғары оқу орындарында тегін білім алу гранттарына ие болған.  Бұл - аудан оқушыларының 47 пайызын құрайды.

Айта кетейік, сырымдық түлектер арасында  11 “Алтын белгі” мен  17 “Үздік аттестат”  иегері бар.  “Алтын белгі” иегерлерінің бәрі де оқуға түсті.

 

Б. Шерім,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале