28.08.2025, 13:00
Оқылды: 358

Шыңғырлауда облыстық шағын жинақты мектеп педагогтарының секциясы өтті 

 

Шыңғырлау ауданында жаңа оқу жылы қарсаңында Алмаз мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің базасында облыстық тамыз кеңесі «Цифрлық білім: заманауи технология мен мұғалім шеберлігінің үндестігі» тақырыбында облыстық шағын жинақты мектеп педагогтарының секциясы ұйымдастырылды.

мақсатына1

Тамыз кеңесінің пленарлық бөлімінде «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасының өзектілігі, ауыл мектебінің сапасын арттыру, құндылыққа негізделген тәрбие мен оқуға баулудың маңызы, білім берудегі серіктестік пен табысты тәжірибелер баяндалды.

Секциялық бөлім жұмысы екі бағытта жүргізді:

1-секцияда – А(Қ)ББ ШЖМ бойынша әдіскерлері, тірек мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары үшін: ауыл мектебін басқару, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану және білім сапасын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.

2-секцияда – тірек және шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне арналған: математика, физика, химия, биология, ағылшын тілі пәндерін цифрлық және виртуалды зертханалар, бірлескен сабақтар, ауыл мектептері арасындағы бірлескен жобалар, цифрлық сабақ жоспарлау мен онлайн оқыту тәжірибелері таныстырылды.

мақсатына

Кеңес аясында педагогтар білім беру үдерісіне жаңашыл әдістерді тиімді енгізудің өзектілігін талқылап, тәжірибе алмасу арқылы кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашты. Шара соңында ашық диалог алаңы ұйымдастырылып, сұрақ-жауап сессиясында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, нақты ұсыныстар мен құнды кері байланыстарымен бөлісті. Тамыз кеңесі – жаңа оқу жылына тың серпін беретін, ауыл мектебінің болашағына бағдар беретін маңызды алаң болды!

                                                                                              Аягөз Бақтығали,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале