21.12.2016, 18:23
Оқылды: 37

Энергетиктер төл мерекесін атап өтті

energetikter-t%d3%a9l-merekesi          Бүгін облыстық филармонияның концерт залында өңіріміздегі энергетика саласы қызметкерлері мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.


Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген шараға облыс әкімінің оранбасары Бағдат Азбаев қатысып, саланың дамуына елеулі үлес қосқан мамандар мен өңіріміздің маңызды нысандарда еңбек етіп жүрген бір топ азаматтарды марапаттады.

Заманауи қоғамды жылу мен электр қуатынсыз көзге елестету мүмкін емес. Күн сайын өңірімізді қуатпен қамтамасыз ету мекемелерінің мыңдаған жұмысшылары қала тұрғындарының өмірі жайлы болы үшін өзерінің маңызды қызметін атқаруда. Бүгінде «Жайықжылуқуат» АҚ Орал қаласындағы орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың бірден-бір көзі болып саналатын стратегиялық және әлеуметтік маңызды нысан. «Жайықжылуқуат» АҚ көпұлтты ұжымында қазіргі таңда 1125 адам жұмыс істеуде. Олардың арасында 210 адам - инженерлік-техникалық қызметкерлер болса, 915 адам – жұмысшы мамандар.

-Құрметті облыс энергетиктері сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер халыққа жарық пен жылулық беретін шынайы мамандықтың иесісіздер. Мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, сарқылмас өмір қуатын және адал еңбектеріңізге жаңа жетістіктер тілейміз,-деді мерекелік шарада сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев.

Мерекеге орай сала үздіктеріне Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының «Еңбек сіңірген энергетигі» төсбелгісімен, құрмет граммоталары және облыс әкімі атынан алғыс хаттар табыс етілді. Салтанатты шара өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасына жалғасты.

Нұрбек Оразаев,

«Орал өңірі»

        

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале