2.09.2025, 17:00
Оқылды: 731

Қуанышқа толы күн

Білім күні еліміздің барлық білім ордаларында ерекше салтанатпен аталып өтті. Шыңғырлау орта жалпы білім беру мектебінде жаңа оқу жылының басталуына арналған "Мектебім – мейірім мекені" атты алғашқы қоңырау мерекесі ұйымдастырылды.

 қуаныш

Салтанатты шараға мектеп түлектері, ұстаздар, ата-аналар, ауыл тұрғындары мен құрметті қонақтар қатысты. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің жүздерінен қуаныш пен толқу сезімі байқалды. Олар үшін бұл күн өмірлік маңызды жаңа кезеңнің бастауы екені сөзсіз.

Алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Светлана Тайпақова алып, жаңа оқу жылындағы жоспарлармен таныстырып, оқушылар мен ұстаздарға сәттілік тіледі. «Бүгінгі ерекше күн – мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып бүлдіршіндеріміз үшін өмірлеріндегі жаңа белес, үлкен арман-мақсаттарға бастайтын жарқын жолдың бастамасы. Биылғы оқу жылында 57 оқушы бірінші сыныпқа қабылданып отыр. Барша оқушыларға сәттілік, білімге деген құштарлық пен толағай табыс тілейміз!",-деп атап өтті мектеп директоры.

Сонымен қатар, 11-сынып оқушылары бірінші сыныпқа келген оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп, алғашқы оқулықтары "Әліппені" тапсырып, оқу-білімге ұмтылуға шабыт берді. Мектеп өнерпаздары ән айтып, би билеп, шараға көрік қосты.

                                                                                                                Светлана Байтенова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале