5.09.2025, 10:13
Оқылды: 131

Қазақстанда 6 млн тоннадан астам астық жиналды

Елде 6 миллион тоннадан астам астық бастырылды, деп хабарлайды 24kz.

егін......

Бұл жалпы егіс көлемінің шамамен 30%-і. Қазір 15 өңірде егін орағы жүріп жатыр. Көкөністердің де өнімділігі жоғары болып отыр. Жаңа өнім үшін астықты сақтау қоймалары жеткілікті. Премьер-министр және Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен «Amanat» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында елдің ауылшаруашылығы назардын тыс қалмады.

Егін ЖП дала

Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру көлемін екі есе арттыру нәтижесінде шаруалар егіс науқанын табысты жүргізді. Қазір ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 80 еліне жеткізіледі. Өнімділікті арттыру үшін заманауи агротехнологияларды кеңінен қолданып жатыр. Екі жылда тыңайтқыштарды қолдану 2 есе өсті. 7 мың бірлік техниканы жеткізу мақсатында 160 миллиард теңгеден астам қаражатқа лизинг шарттары жасалды. Бұдан бөлек, мал шаруашылығы секторында да ауқымды жұмыс жүріп жатыр. 3,5 мыңнан астам қазақстандық кәсіпорын шетелдік импорттаушылардың тізіліміне енді.

https://24.kz/

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале