6.09.2025, 18:00
Оқылды: 177

Шоқыр атаның жүлдесін иеленді

Ақтауда қазақ боксының атасы, КСРО спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр.

photo-output

Жарысқа Қытай мен Өзбекстаннан, Тәжікстан мен Түрікменстаннан, Әзербайжан мен Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 100-ден аса былғары қолғап шеберлері жиналды.
Бұл додада Батыс Қазақстан облысының боксшылары да намысты қолдан бермеді.
90 келі салмақта сынға түскен Имран Днишев қола жүлдені қанжығаласа, 50 келіде рингке шыққан Нұрсұлтан Нұриденов финалға дейін сүрінбей жетіп, күміс жүлдеге ие болды.
Ал 80 келіде айқасқан Аян Қалмағамбетов қарсыластарын қоғадай жапырып, турнирдің алтын медалін иеленді. Оның үстіне, Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады

Бұл – батысқазақстандық бокстың өркендеп келе жатқанының айқын көрінісі.
Енді өңір боксшылары алдағы сындарда тек қана жеңіс тұғырынан көріне береді деген сенімдеміз.

Түгелбай Бисен

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале