7.09.2025, 21:15
Оқылды: 360

Румынияда тоғызқұмалақтан өткен халықаралық турнирде БҚО командасы жеңімпаз болды

5-7 қыркүйек күндері Румынияның Констанца қаласында тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтті.

664d3d54-56d5-4161-af12-279bf4f8a405

Жеті мемлекеттен ойыншылар қатысты. БҚО командасы жеңімпаз болды.

Тоғызқұмалақшылар жекелей нәтиже бойынша, ерлер арасында Әбдрахман Текебай – алтын медаль,  Ализа Ерниязова– күміс медаль иеленді.

47dd097d-f536-4f4a-974e-969d307897f3

Әйелдер арасында Қарақат Сәлімғали алтын медаль, Айым Қонасова күміс медаль алып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.

Жеткіншектердің жаттықтырушылары – Дархан Әнуарбеков, Ализа Ерниязова, Данияр Орынбасаров.

Еуропа биігінде көрінген команда сапарына БҚО спорт басқармасы мен БҚО тоғызқұмалақ федерациясы қолдау көрсетті.

Нүркен Ғаппар

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале