9.09.2025, 17:35
Оқылды: 255

Казталов ауданындағы қоғамдық кеңестің төралқа отырысынан

Бүгін Казталов аудандық қоғамдық кеңестің кезекті төралқа отырысы өтті. Кезекті жиынға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, салалық бөлім басшылары қатысты. Қоғамдық кеңестің төралқа отырысына Самат Хасанов төрағалық жасап, күн тәртібінде төмендегі мәселелер талқыланды.

IMG-20250909-WA0047

Аудандық және ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жадыра Сүндетова хабарлама жасады.

Сонымен бірге Казталов ауданының халыққа қызмет көрсету орталығында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жөнінде "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Казталов аудандық бөлімінің басшысы Мерген Қойшыбаев баяндады.

Қоғамдық кеңесте көтерілген мәселелердің бірі — ауданда ат спортын дамыту. Осы мәселе бойынша аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Берік Рахымғалиев түсіндіріп берді.

IMG-20250909-WA0045

Кеңесте көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімі, қоғамдық кеңес мүшелері сауалдарын жодап, өз ұсыныстарын ортаға салды. Мәселен, аудандық және ауылдық округтердің бюджеттеріне енгізіліп отырған өзгерістердің кейбір пункттері бойынша нақтылап, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер арқылы түсетін салық түсімдерінің аздығы айтылды. Әсіресе, аудан басшысы мүлік салығының өте төмен жағдайда екенін ескертті. Мәселені шешу үшін тұрғын үйлерді қайтадан бағалау арқылы бағасын жоғарлатып, мүлік салығын көбейту ұсынылды. Ауданымыз үшін мәні басым ат спортын дамыту туралы тиісті қаражат бөліп, маман тарту, арнайы орын салу жайында ұсыныс берілді.

IMG-20250909-WA0057

Жиында қорытынды сөз айтқан аудан басшысы Асланбек Ахметоллаұлы қоғамдық кеңесте көтерілген әр мәселенің маңызды екенін атап өтіп, дегенмен, бірінші кезекте шешімі табылмай жатқан жұмыстарға қаражат бөлінетінін жеткізді.

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысында көтерілген мәселелер бойынша хаттама толтырылып, ұсыныстар енгізілді.

Кеңес соңында аудан әкімі қоғамдық кеңес мүшесі Әлия Жақсыбаеваны мерейлі жасымен құттықтап, алғыс хат табыстады.

Нұр Рахман, 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале