10.09.2025, 15:15
Оқылды: 320

Жаңа әкімдер қызметке кірісті

Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 14-бабы 9-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына және 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде С.Меңдешев ауылдық округінің әкімі – Абзал Ғайноллаұлы Ахметов, Жаңақала ауылдық округінің әкімі – Абат Тимурұлы Ишанов сайланған болатын.
image-10-09-25-01-30-3
Аталған округ әкімдеріне қызметтік куәліктерді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанболат Бақтыгереев салтанатты түрде табыстады.
Шарада аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев ауыл тұрғындарына саяси белсенділіктері үшін ризашылығын білдіріп, жаңа әкімдерге табыс тіледі. Сонымен қатар, Жаңақала ауылдық округінің 2021-2024 жылдар аралығындағы әкімі болған Ақан Қапановқа алғысхат табыс етті.
image-10-09-25-01-30-1
Жиында қоғамдастық жиналыстарының мүшелері мен ауыл ақсақалдары жаңа әкімдерге сенім білдіріп, қолдау көрсетті.
Сыйлыхан Жұмасалық,
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале