12.09.2025, 12:30
Оқылды: 1002

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен Жәнібек ауданына барды

Өңір басшысы алдымен  ауданда салынып жатқан жолдар мен “Жақсыбай-Сарыөзен” каналын реконструкциялау жұмысымен танысты.

WhatsApp Image 2025-09-12 at 13.23.19

Бұл канал Жақсыбай ауылын тасқын судан қорғау, лимандарға су айдау, бау-бақша өсіру мүмкіндіктерін арттырады. Мәселен, бес мың гектардай жерге су жайылады.

WhatsApp Image 2025-09-12 at 13.23.19 (1)

Канал құрылысы барысында 6 насос орнатылып, ұзындығы 7 шақырым полиэтилен құбыр тартылған. Қазір екі насос іске қосылған. Жалпы әр насос сағатына 400 текше метр су шығарады. Облыстық бюджеттен бөлінген  514 млн теңге толық игерілген.

WhatsApp Image 2025-09-12 at 13.24.09

Биыл ауданда жол құрылысына қатысты үш жоба жүзеге асуда. Жәнібек-Талов-Кіші Өзен аутокөлік жолының 92-128 км күрделі жөнделуде. 14 шақырым асфальт төселген. Жасқайрат және Жәнібек ауылдарында екі көшеден төрт көше күрделі жөнделуде. Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы аутомобиль жолының 158-165 шақырымы күрделі жөнделуде. 5,8 шақырымына күрделі жөндеу жүргізілген.

WhatsApp Image 2025-09-12 at 13.24.09 (1)

Жәнібек ауданындағы Жақсыбай ауылында әлеуметтік осал топтарға арнап екі пәтерлі тұрғын салынған. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев осы баспананы көрді. Он сотық жерге тұрғызылған үйдегі әр пәтердің аумағы - 84 шаршы метр.

image-12-09-25-11-40 (1)

Құрылыс барысында жергілікті 8 тұрғын уақытша жұмыс істеген.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Жақсыбай ауылына соқты.

“Ауыл аманаты” бағдарламасына қатысушы Дәурен Абдрахмановтың қой шаруашылығымен танысты. “Д.Абдрахманов” жеке кәсіпкерлігі еділбай қойын өсіреді. Қазір төлдеген Шопан ата түлігінің саны 270-ке жеткен.

image-12-09-25-11-17-2 (1)

Қазір өңір басшысы Жақсыбай ауылында тұрғындармен кездесуде.

 

Ясипа Рабаева,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале