14.09.2025, 16:30
Оқылды: 373

«Жайық жүйрігі – 2025» аяқталды

«Жайық жүйрігі – 2025» бәйге түрлерінен  Батыс Қазақстан облысының  ашық чемпионаты аяқталды.

photo-output

Жайық өңірін дүбірге бөлеп, елдің рухын маздатқан сәйгүліктер жарысы көрерменнің көңілінен шықты.
Халықтың делебесін қоздырған бәйге сәйгүліктің мықтысы, шабандоздың сырттаны ғана шыдас беретін 31 шақырымға созылған «Ұлы аламан» бәйгесімен қорытындыланды.

9d90fa45-55a6-4a70-ba8e-9c4ea9e07fe7
Айналым сайын Жайық жағасын дүбірге бөлеген дода қорытындысында бас жүлдеге тігілген пәтерді Қарағанды облысынан келген Марден Жанболат жеңіп алды. Ал Алматы облысының намысын қорғаған Исламнұр Ертөс екінші орын иеленді. Оның жүлдесі – 3 000 000 теңге. Ал үшінші орынға табан тіреген тасқалалық Бекболатұлы Жігер 2 000 000 теңгені қанжығасына басты.
Одан бөлек төртінші келген тағы тасқалалық Едрес Бекхан бір миллион, бесінші болған ақжайықтық Ерқанат Нұрқанатұлына 500 000 теңге бұйырды.

Түгелбай Бисен
«Орал өңірі»

Сурет: Орал спорт

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале