16.09.2025, 15:30
Оқылды: 491

Қанапияның есімі «Алтын кітапқа» жазылды

Ардагер ұстаз, жерлесіміз Қанапия Қаяпбергеновтың есімі Қазақстанның «Алтын кітабынан» орын алды.

PHOTO-2025-09-02-16-11-40111

Қанапия Қарекешұлы бақ жұлдызы жоғары жан. Ол - ұлттық дәрежедегі төреші, жоғары санатты жаттықтырушы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, облыстың үздік спорт қызметкері, Сырым ауданының құрметті азаматы.

Қанекең көне заманнан жоғалмай, бүгінгі күнге жеткен ұлттық ойын тоғызқұмалақты дәріптеуші, насихаттаушы болып келеді.

«Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады» - дегендей оның тәрбиелеген шәкірттері республикалық,  халықаралық додаларда топ жарып жүр.

Міне, ұлттық ойын тоғызқұмалақтан спорт шебері Қанапия Қаяпбергенов өзі ашқан үйірмелерінің бүгінде жемісін де көріп отыр.

 

 

Мүсірбек Әлібекұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале