17.09.2025, 12:30
Оқылды: 198

Казталов ауданы: Жалпақталда тұрғындар талабы орындалуда

Осыған дейін өткен жергілікті округ әкімінің есепті жиынында тұрғындар талап еткен бірнеше түйіткілді мәселелердің жүзеге асып жатқаны Жалпақтал ауылдық округі әкімі Ғаділбек Әлібековтің кезекті есеп беру жиынында сөз болды.

IMG_8882

Ауыл әкімі  Жалпақталда бірқатар игі істердің атқарылып жатқанын тілге тиек етті. Игілікті істі аудан әкімі Асланбек Сарқұлов та округті аралаған жұмыс сапары барысында нысандарды арнайы аралап, өз көзімен көрді. Жүзеге асып жатқан ізгі істердің қатарында көшелерге қатқыл табанды жолдар мен жаяу жүргінші жолдарын салу, өзен жағалауы мен бөгеттерді нығайту, Кенжебек Меңдәлиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп ғимараты алдына автотұрақ салу жұмыстары бар. Бұл округ тұрғындарының жиі көтеріп жүрген негізгі мәселелері болатын.

IMG_8888 (1)

Есепті жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары,  салалық бөлім басшылары қатысты.
-Биыл ауданымыздағы өзге округтар сияқты Жалпақтал ауылында да тұрғындар көтерген бірнеше талаптар өз шешімін тауып аудандық және облыстық бюджет есебінен бірқатар игі істер жүзеге асуда. Солардың қатарында мердігер болып танылған «NSO Group» ЖШС-і Михаил Егоров, Байқоңыр және Тоқтар Әубәкіров атындағы көшелерге жаяу жүргінші жолдарын салып жатса, «Жайық Сити» ЖШС-і Қайша Миханова, Бауыржан Момышұлы, Құрманғазы, Сәулет көшелеріне қатқыл табанды жол салу жұмыстарын жүргізуде. Оның сыртында әлеуметтік осал топтағы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету үшін жаңа тұрғын үйлер салу, орталық саябақты қайта жаңғырту, ауыл ішіне қатты тұмыстық қалдықтар төгетін орындар мен контейнерлер орнату, жолдарды күтіп ұстау жұмыстары жүзеге асырылуда. Кенжебек Меңдәлиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Алдағы уақытта бұл жұмыс та қолға алынатын болады, - деді округ әкімі Ғаділбек Әлібеков.

IMG_8863

Жиын соңында аудан әкімі Асланбек Сарқұлов тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, ауыл жастарының мәдениетін арттыру арқылы Президент Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруда  бірлесе жұмыстануға шақырды.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале