17.09.2025, 19:00
Оқылды: 251

Бөрлілік зейнеткерлер Хан Ордасына саяхат жасады

Жақында аудандық ішкі саясат бөлімінің жобасы аясында «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының ұйымдастыруымен Бөрлі ауданының бір топ зейнеткерлері Бөкей Орда ауданына барып келді. Зейнеткерлер Бөкей Орда ауданындағы Хан Ордасы тарихи-мәдени музей-қорығына танымдық экскурсия жасады.

c0076f96-ad09-4814-bab9-532f55554bad
Хан Ордасы музей‑қорығының келушілері республикалық маңызы бар 16 тарихи-архитектуралық ескерткіштерді тамашалай алды. Оның 13-і ғимарат, ал үшеуі кесене. Экскурсия барысында зейнеткерлер Жәңгір ханның, күйші Дәулеткерей Шығайұлының, ғалым-этнограф Мұхамед-Салық Бабажановтың кесенелеріне аялдап, құран бағыштаған.

photo-output
Ардагерлеріміз Қазынашылық мекемесі ғимаратында орналасқан «Бөкей Ордасының тарихы музейі», «Хан сарайы» музейінде, «Қару‑жарақ палатасы музейінде», дәрігер А.Сергачев тұрған үйдегі – «Ш.Бөкеевтің әдеби‑мемориалдық музейінде», Қыздар училищесі ғимаратындағы - «Халыққа білім беру музейінде» және «Тұңғыш қазақ баспаханасы музейінде» болды. Аталған музейлерді аралау барысында зейнеткерлеріміз XIX ғасырдың тарихи ғимараттарымен танысып, көптеген тарихи мәліметтер алды.

photo-output
- Біз ардагерлер аудандық ішкі саясат бөліміне бізге осындай саяхат жасап бергендері үшін алғыс айтамыз. Бұл саяхатқа ауданымыздан 16 адам барды. Саяхатымыз 5 қыркүйек күні таңғы сағат 04.00-де басталды. Жолда гидіміз Айболат Шамұратұлы бізге баратын жеріміз туралы ақпарат айтып, экскурсиямыздың мақсатын айтты. Хан Ордасына бағытталған жолымызда ән айтып, әңгімелерімізді айтып тез жеткендей болдық. Сапар барысында көптеген мәлімет алдық. Экскурсиямыз өте қызықты өтті. Зейнеткерлердің арасында Бөкей Ордаға бұрын барғандарда, бірінші рет бара жатқандар да болды. Дегенмен бұрын барғандар осы жолы ең қызықты сапарымыз болды деді. Осындай сапарды ұйымдастырған аудандық әкімдік пен гидіміз Айболат Шамұратұлына айтар алғысымыз шексіз. Бұндай сапарлар жалғасын табады деген ниеттеміз, - дейді ардагерлер атынан Ғанима Сақимова.

5d45bb99-2daf-4532-b317-831c91fbdfee
Танымдық сапарға қатысқан ауданымыздың ардагерлері экскурсиядан ерекше әсер алып, туған жеріміздің, туып өскен өлкеміздің тарихын білу және оны ұрпақтарымызға насихаттау маңызды екенін атап өтті.

Айдана Абдрахманова
Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале