20.09.2025, 9:00
Оқылды: 324

Оралда қала күніне орай арқан тартудан ашық турнир өтті

Орал қаласында қала күні мерекесіне арналған «Oral Cup – 2025» атты арқан тартудан қалалық ашық турнир ұйымдастырылды. Дәстүрлі спорттық додаға қала мен ауылдық округтерден жиналған 20 команда қатысты.

c87d3290-8516-47b7-b457-e1ce361484df

Жарыстың басты фавориттерінің бірі болып саналатын Казталовка ауданының «Бостандық» командасы үмітті ақтап, өздерінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

c249da57-785c-4931-bdc9-774cf93440c4

Финалда олар «Орал-1» командасын тартысты кездесуде жеңіп, бас жүлде – 200 мың теңгенің қаржылай сыйлығына ие болды. Ал екінші орын алған «Орал-1» командасы 150 мың теңге, үшінші орынға тұрақтаған «Қособа» командасы 100 мың теңге қаржылай сыйақы алды.

c5de8c4b-365c-48e5-b3fd-8cee55fedf02

Айта кету керек, жарысты тамашалауға Чехиядан арнайы делегация да келіп, жергілікті спортшылардың өнерін қызығушылықпен тамашалады.

e2b81c92-a383-4097-bdf9-91e22b43bea4

Бұл дода қала күні мерекесінің шаттықты рухын арттырып қана қоймай, командаларға күш-жігерін сынауға мүмкіндік берді. Ал жанкүйерлер үшін жеңіс қуанышы мен тартысты сәттері мол мереке болды.

Бекзат Қанәділ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале