23.09.2025, 15:00
Оқылды: 84

Қазақстанда Хэрри Поттер пойызы жүреді: бағыты қандай?

Қазақстан теміржолшысы сайтының хабарлауынша, «Жолаушылар тасымалы» АҚ электропойыз жолаушыларына арналған «Поттер пойызы» атты жаңа мәдени-ойын-сауықтық жобасын іске қосты.

gWEXt1AeJU5tzQcQVgRE4ANJRlAaA8pkpndjHjtC

Бұл – Қазақстанда алғашқы рет электропойыз ішінде өтетін театрландырылған бағдарлама. Балалар мен ата-аналар сүйікті кейіпкерлерімен бірге сиқырға толы саяхатқа аттанып, интерактивті ойындарға қатыса алады.

Сапар барысында жолаушыларды Хэрри Поттер әлеміндегі кейіпкерлердің образындағы әртістердің қойылымы күтеді. Бағдарлама интерактивті элементтерді қамтып, балалар мен ересектерге ертегідей саяхаттың ерекше атмосферасына енуге жағдай жасайды. Әрбір жас жолаушыға естелік ретінде арнайы сыйлық – сиқырлы таяқша табысталады.

whatsapp-image-2025-09-23-at-090648-2-68d2262845ed3

Шоу жаңа 4 вагоннан тұратын электропойызда ұйымдастырылады.

Пойыз «Астана-1 — Тастақ — Астана-1» бағыты бойынша (Астанадан 60 км) жүріп өтеді. Бағдарламаның ұзақтығы — 2 сағат.

«Поттер пойызының» алдағы рейстері:

* 2025 жылғы 5 қазан, сағат 11:25

* 2025 жылғы 12 қазан, сағат 11:25

Жолаушылардың ыңғайы үшін алдын ала брондау жүйесі қарастырылған. Толық ақпарат пен билеттерді Instagram парақшасынан @poezd_potter_kz немесе +7 707 945 53 47 телефоны арқылы алуға болады.

whatsapp-image-2025-09-23-at-090647-68d22637335d7 whatsapp-image-2025-09-23-at-090648-1-68d2262f7b2b5

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале