30.12.2016, 14:09
Оқылды: 41

Кәсіпкерлік көкжиегі кеңеюде

bokei-kasip-kokjiegi-keneyude   Бүгінгі күні билік пен бизнестің өзара байланысы, қарым-қатынасы жоғары деңгейде деуге толық негіз бар. Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахымжанов кәсіпкерлік саланың дамуына қосқан зор үлесі үшін облыстық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Бибігүл Жұмағұлова мен Ұялы ауылдық округінің кәсіпкері Ләйла Қаженоваға облыс әкімі Алтай Көлгіновтің Алғыс хатын табыс етті.


  Төрт кәсіпкер түрлі аталым бойынша мадақталды. Сайқындық Света Оразова «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үздіксіз қосқан өзіндік үлесі үшін» аудан әкімінің, бисендік Арон Кәукешев «Әлеуметтік сала бойынша көп жұмыс орнын ашқаны үшін» аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, сайқындық шаштараз Раушан Жүнісова «Халыққа тұрмыстық қызмет көрсеткені үшін» аудандық кәсіпкерлік бөлімінің, ал, сайқындық такси жүргізушісі Әзімбек Иманғалиев «Жас кәсіпкер» атанып, аудандық «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің марапатына ие болды.

А.АҚМУРЗИН

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале