28.09.2025, 12:30
Оқылды: 482

Ұлы аламанның бас жүлдесі маңғыстаулық Нұрсұлтан Құмаровқа бұйырды

Ғұмар Қараштың 150 жылдығына орай Талов ауылдық округіне қарасты Бірлік елді мекенінде орналасқан баба кесенесінен бастап Жәнібек ауылына дейін 100 шақырымдық Ұлы аламан бәйге таңғы 08:00-де бастау алып, сағат 11-лер шамасында Маңғыстау облысынан келген шабандоз Нұрсұлтан Құмаров «Мұздай» сәйгүлігімен бірінші болып мәреге жетті.

image-28-09-25-12-07-5

100 шақырымды артқа тастап, Екінші болып бөкейордалық Нұрмұханбет Ғиният «Ерке торы» атымен мәре сызығын кесіп өтті. Ақтау қаласы Жетібай ауылынан келген «Қос тұран» сәйгүлігінің иесі Аман есім азамат үшінші орыннан көрінді. Төртінші орын да Ақтау қаласына кетсе, бесінші орын Атырауға бұйырды.
image-28-09-25-12-07-4

Бірінші орынға автокөлік берілсе, екінші орынға квадрацикл, үшінші орынға мотоцикл беріледі. Сонымен қатар төртінші және бесінші орындарға 100 мың теңге қаржылай сыйлық берілді.

Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале