29.09.2025, 22:00
Оқылды: 121

Жәнібекте кәсіпкерлікке қолдау жалғасуда

Жәнібек ауданында кәсіпкерлікке қолдау жалғасуда. Жәнібек ауылының тұрғыны Асыланбек Зұлқарнаев биыл комиссия отырысының бірінші легінде мансап орталығы арқылы мемлекеттік қолдауға ие болып, қайтарымсыз грант жеңіп алды. Ол 1 572 800 теңге көлемінде қаржы алып, көлік жуу орталығын ашты. Бүгінгі таңда халыққа қызмет көрсетуді бастап кетті.

image-29-09-25-05-52-1

Мемлекеттік қайтарымсыз грант аудан жастарына үлгі болып, кәсіпкерлікті дамытудың нақты нәтижесін көрсетуде. А.Зұлқарнаев жаңа жұмыс орнын ашумен қатар тұрғындарға сапалы қызмет ұсынып, жергілікті экономиканың дамуына өз үлесін қосуда.
Мемлекеттік қолдау арқылы жаңа істерге жол ашып жатқан азаматтарға табыс тілейміз!

Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале