4.10.2025, 15:30
Оқылды: 331

Оралда «AUYL SPORT – 2025» өңірлік лигасы басталды

Бүгін Орал қаласында ауылдық жерлердегі балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулуға бағытталған «AUYL SPORT – 2025» өңірлік лигасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

0b3c68e9-1feb-4219-9e6f-812d12f87853

Жоба ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттыру, олардың спорттық дағдыларын дамыту және жаттықтырушылардың кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында ұйымдастырылған.

8a0f527f-cf03-4e6e-988d-ea8f2bdf2844

Салтанатты іс-шараға Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Мирболат Нұржанов пен спорт саласының ардагері Қамбарбек Сәлімов қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Лига шеңберінде жарыстар 6 спорт түрі бойынша өтіп жатыр. Атап айтсақ, бокс, еркін күрес, баскетбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі.

46da21f5-c5cf-4b1a-bb5d-fa207f0fa9e3

Жарысқа Батыс Қазақстан облысының 12 ауданынан келген 456 қатысушы қатысуда. Олардың қатарында Ақжайық, Бәйтерек, Бөкей Ордасы, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау аудандарының жас спортшылары бар.

3dcf5173-a77f-4578-ac71-a8a2672e8a45

Айта кетсек, өңірлік лига жеңімпаздары республикалық деңгейде өтетін «AUYL SPORT – 2025» финалдық кезеңіне жолдама алады.

49efd355-8191-4be5-99d5-3d49d7fb2bd5

Жарыс 5 қазан күні өз мәресіне жетеді.

Бқо спорт басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале