Күзде жиі шаршайсыз ба? Түнде жақсы ұйықтасаңыз да, энергияңыз тез таусыла ма? Көпшілік мұны күздегі көңіл-күйдің өзгерісі немесе күннің қысқаруы деп түсінеді. Мәселе мүлдем басқа нәрседе болуы мүмкін. Бұл туралы Санкт-Петербургтегі СМ-Клиника эндокринологы Анастасия Калмурзина айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап.

Күзде шаршаудың ерекшеліктері:
- Уақытша: демалған соң, таза ауада серуендегенде немесе жақсы ұйықтағанда энергия қалпына келеді.
- Жағымсыз физикалық белгілер болмайды: күнделікті өмірге елеулі кедергі жасамайды.
- Емдеуді қажет етпейді: дұрыс күн тәртібі, тамақ, қозғалыс пен жарық терапиясы көмектеседі.
Ал егер мәселе денсаулықта болса?
Қалқанша без дұрыс жұмыс істемесе, адам мүлде басқаша шаршайды:
- Демалған соң да шаршау басылмайды.
- Күнделікті өмірге әсер етеді: жұмысқа бару, үй шаруасын жасау қиын.
- Басқа белгілер қосылады: салмақ қосу немесе азаю, жүрек соғысының жиілеуі немесе баяулауы, суыққа төзбеушілік, терлеу, тітіркенгіштік, шаш түсу, көңіл-күй төмендеуі.
Мұндай жағдайда міндетті түрде эндокринологқа қаралу және арнайы ем алу керек.
Негізгі белгілер:
Гипотиреоз (гормон жетіспеушілігі):
- Демалған соң да шаршау басылмайды
- Суыққа төзбеу
- Жүрек соғысы баяу (<56 соққы/мин)
- Құрғақ тері, бетте ісіну
- Іш қату, салмақ қосу
- Сөйлеу мен ой баяулайды, шаш түсу, көңіл-күй төмендеу
Тиреотоксикоз (гормон артықшылығы):
- Жүрек соғысы жиілейді, пульс тұрақсыз
- Терлеу, ыстыққа төзбеушілік
- Қол дірілдеуі (тремор)
- Ашуланғыштық, қобалжу
- Ұйқы бұзылысы
- Салмақ азаю, диарея, бұлшықет әлсіздігі
- Грейвс ауруында көздің шығуы (экзофтальм)
Әйелдерде бұл белгілерге айлық циклдің бұзылуы қосылуы мүмкін.