9.10.2025, 21:00
Оқылды: 61

Тасқала ауданында ардагерлер ұйымының есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Тасқала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Тасқала аудандық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
image-09-10-25-08-00-2
Конференцияға Тасқала ауданының әкімі Талғат Шакиров, аудандық маслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева, “Amanat” партиясының аудандық филиялының төрағасы Люция Жұбанышқалиева, аудандық ұйымға қарасты 10 бастауыш ұйымнан сайланған 34 делегат, ауылдық округ әкімдері мен басқа да қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Жиынды аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Жәрдемғали Балыков ашып, конференцияның күн тәртібі мен жұмыс регламентін бекіту рәсімін өткізді. Күн тәртібіне сәйкес 2022–2025 жылдар аралығындағы аудандық ардагерлер ұйымының атқарған жұмысы туралы есеп, аудандық ардагерлер ұйымы пленум мүшелерін сайлау, аудандық ардагерлер кеңесі мүшелерін сайлау және аудандық ардагерлер ұйымының төрағасын сайлау мәселелер қаралды.
image-09-10-25-08-00-1
Баяндама жасаған ұйым төрағасы Жәрдемғали Балыков атқарылған жұмыстарға тоқталып, ардагерлердің қоғамдық өмірге белсенді араласуы мен жас ұрпақ тәрбиесіне қосып жүрген үлесін атап өтті.
Баяндаманы талқылау барысында ауылдық округтердегі бастауыш ұйым төрағалары мен делегаттар сөз алып, ұйым жұмысына оң баға беріп, бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Конференция соңында делегаттар аудандық ардагерлер ұйымының өткен кезеңдегі жұмысын қанағаттанарлық деп бағалап, тиісті қаулы қабылдады. Сонымен қатар ұйымның жаңа пленум және кеңес мүшелері сайланып, төрағалыққа Ж.А.Балыковтың кандидатурасы көпшілік дауыспен қайта бекітілді.
image-09-10-25-08-00
Шара барысында қатысушылар ардагерлер қозғалысын жандандыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, қоғамдағы бірлік пен татулықты сақтау бағытында алдағы кезеңде атқарылар жұмыстар жөнінде пікір алмасты.
Еламан Құспанов,
Тасқала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале