14.10.2025, 12:00
Оқылды: 56

Мемлекеттік сатып алуларда ЖИ енгізу 781 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді - Қаржы министрлігі

ҚР қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік сатып алуларда қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

5435985552605312364

Ол жыл басынан бері «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қолданылып келе жатқанын, онда бұрын ұзақмерзімге созылған сатып алу рәсімдерінің мерзімдерін қысқартуға басымдық берілгенін атап өтті.
«Бүгінгі таңда мерзімдер ең төменгі деңгейге дейін қысқартылды және отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған ережелер енгізілді. Нәтижесінде осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда жасалған шарт сомасы және отандық тауар өндірушілерден сатып алу сомасы 2 есеге өсті, жасалған шарттар саны 28%-ға, оның ішінде отандық тауар өндірушілермен жасалған шарттар саны 30%-ға өсті. Шағымдар саны 25%-ға қысқарды»,— деп атап өтті Мәди Такиев.

Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алуларға ЖИ элементтері енгізілген, бұл 781 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале