Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша артта қалған Абай, Ұлытау және Атырау облыстарының әкімдері әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін жақсарту бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.

«Артта қалған өңір басшылары жағдайды өзгертуге бар күшін салуы қажет», — деп тапсырды Олжас Бектенов.
Премьер-министр қазіргі жағдайда экономиканы одан әрі әртараптандыру, инвестиция тарту және тұрақты жұмыс орындарын құру үшін мемлекет пен бизнес бірлесіп, тиімді жұмыс істеуі тиіс екенін атап өтті.