15.10.2025, 17:15
Оқылды: 235

Ерлік - елге мұра

Жәнібек ауданы - соғыс жылдарында Сталинград майданының ең жақын шебі болды. Соғыстың от жалынына шарпылды, жау бомбасынан, неміс диверсанттарының зиянкесті әрекеттерінен зардап шекті. Жерлестеріміз майдан даласында жаумен арпалысса, жергілікті тұрғындар тылда жанкешті еңбек етіп, жеңісті жақындатты. Кейінгі ұрпақ соғыс жылдарындағы ауданның тұрмыс-тіршілігімен, ата-бабаларымыздың өшпес ерлігі мен қажырлы еңбегін біліп, үнемі тағзым етіп жүрулері керек. Ерлік ұмыт болуға тиісті емес, ол бағалану керек.

WhatsApp Image 2025-10-09 at 20.45.09 (1)

2017 жылдан бері Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарына «Қаһарман аудан» мәртебесін беру туралы ұсыныс, талап-тілектер үздіксіз көтеріліп келеді.

WhatsApp Image 2025-10-15 at 17.13.40

Таяуда Астана қаласының төрінде республикалық «Генералдар кеңесі» төралқасының ұйымдастыруымен «Батыс Қазақстан Сталинград шайқасы кезеңіндегі фронттық тыл» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Еліміздің әнұраны шырқалған соң, генерал Б.Сәрсеков жиынның мақсат-міндеттеріне тоқталды.

WhatsApp Image 2025-10-15 at 17.16.14

Конференция барысында атыраулық тарих ғылымдарының докторы профессор- ғалым А.Қ. Ахмет және оралдық өлкетанушы А. Батырханов архив құжаттарына сүйене отырып, мазмұнды баяндама жасады. Ұлттық қорғаныс университетінің оқытушысы А.М. Алдабергенова осы тақырыпқа арналған ғылыми еңбегіне тоқталды. Парламент депутаттары С. Егізбаев, А. Өтеғұлов, А. Құспанов, орталық сайлау комиссиясының хатшысы Ш. Өтемісов «Ерлік - елге мұра» дей келе, көтеріліп келе жатырған мәселенің өзектілігін атап көрсетіп, бұл бағытта жұмыстардың тоқтамағанын, ұсыныс пікірлердің парламент қабырғасына дейін жеткізілетінінен хабардар етті.

WhatsApp Image 2025-10-15 at 17.15.21

Жиын барысында полковник  А.М. Алдабергенованың «Западный Казахстан-фронтовой тыл в период Сталинградской битвы» монографиясы таныстырылып,   тұсаукесер рәсімі жасалса, соңында Жәнібек ауданының әкімі Т. Шниязовтың алғы сөзімен басылып шыққан «Қаһарман аудан - Жәнібек 1941-1945 жыл» кітабы мен ҚР Қарулы Күштері музейінің ғылыми қызметкері жәнібектік жерлесіміз Е.Қ. Жиенәлиевтің «Жәнібек, Сайқын, Шоңғай - жеңіс бекеттері» еңбегі қатысушыларға таратылды. Шара соңы ҚР қарулы күштері өнерпаздарының ән-шашуымен мәресіне жетті.

 

Әлібек Жиенәлі,

Астана қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале