20.10.2025, 23:00
Оқылды: 118

Подстепныйда студенттердің қаржылық сауатын арттыру мақсатында тестілеу өтті

Бүгін Подстепный ауылында «AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалы Теректі колледжінің студенттеріне арналған «FinIQ» қаржылық сауаттылық тестілеуін өткізді.

218cea10-53f0-4e52-bbb0-bbcf08ccf405

Соңғы кездері алаяқтық іс-әрекеттер Қазақстанда жиі тіркеліп, қоғамдағы өзекті мәселелердің көшін бастап тұр.

Жиын барысында «AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының төрағасы Мирхат Ибраев сөз сөйлеп, білім алушыларға тақырып бойынша бейнеролик көрсетілді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жолдауында азаматтардың қаржылық сауатын арттыру мәселесі өзекті екенін айтып кеткен болатын. Президентіміздің тапсырмасында айтылған қаржылық сауаттылықты кеңінен тарату бағытында қолға алынған “Қарызсыз қоғам” жобасы белсенді жүзеге асырылып келеді. Осы жобаның төңірегінде ұйымдастырылып отырған бүгінгі іс-шара ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің «Заң мен тәртіп» және «Адал Азамат» тұжырымдамалары аясында өткізіліп отыр. Жоба мақсаты – жергілікті халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және кибералаяқтықтың алдын-алу. Берілген тестілеуде жақсы балл жинап, жоғары нәтиже көрсеткендерге сертификат беріліп, сонымен қатар үздік жауап берген білім алушыларға «Halyk Bank» атынан сыйлық ұтып алуға мүмкіндік бар,–деді Мирхат Ибраев.

9c4c662f-5673-4785-8000-77401c944b8e

Білім алушылар қаржылық қауіпсіздік, табысты басқару, алаяқтықтан қорғану тақырыптары бойынша білімін арттырып, арнайы тест тапсырды.

Аталған жоба бүгін білім ордасында ұйымдастырылған болса, алдағы уақытта 10-20 қазан аралығында басқа да салалар қамтылатын болады.

Өскелең ұрпақ үшін бұл – пайдалы әрі өзекті ақпарат алуға үлкен мүмкіндік болды. Қаржыға сауатты болу – тек отбасы үшін емес, ел болашағы үшін де маңызды!

Темірболат Әнуарұлы
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале