23.10.2025, 12:45
Оқылды: 809

БҚО, Бөрлі ауданы маңайынан ұшқышсыз ұшу апаратының сынықтары табылды

Ұшқышсыз ұшатын дронның табылғаны туралы видео алдымен әлеуметтік желіде тарады. Желіде тараған видеодағы ер адам Бөрлі ауданы Қызылтал ауылы маңына дрон түскенін айтқан.

photo-output
Ақпаратты БҚО полиция департаменті растады.
Бөрлі ауданы маңайынан ұшқышсыз ұшу апаратының бөліктеріне ұқсас нәрсе табылды. Қазір полиция департаменті мен тиісті мекемелер анықтау жұмысын жүргізіп жатыр.
photo-output
- Ескерте кетейік ұшқышсыз ұшу апаратына ұқсас нәрсе елді мекеннен тысқары аумақта анықталды. Қазір тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр, -  деді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

photo-output
Айта кетейік, осындай ұшқышсыз ұшу апаратының сынықтары бұған дейін Бөкей ордасы, Жәнібек аудандарынан табылған болатын.

Жанат Көшкінбай, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале