23.10.2025, 15:45
Оқылды: 213

Бөрлі ауданында мәдениет үйі ашылды

Республика күні қарсаңында Бөрлі ауданы бірнеше ауылдарда мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.

кең

Соның бірі Кеңтүбек ауылындағы мәдени ошағы. Ашылу салтанатына  аудан әкімінің орынбасары М. Нұрмахов және бір топ зиялы қауым өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.

кең1

Кеңтүбек мәдениет үйі 1965 жылы бой көтерген. Соңғы рет нысанға 2009 жылы жөндеу жүргізілген екен. Жалпы көлемі 810.9 м құрайтын, 250 орындық мәдениет үйіне биыл ҚПО компаниясының қаржыландыруымен мердігер «Батыс МұнайСтрой» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген.

кең марап

Ашылу салтанатында алғаш болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары М. Серікұлы,

"Біз бүгін Республика күні қарсаңында мәдениет үйінің қайта ашылу салтанатында бас қосып отырмыз. Әдемі, кең, жарық, биік, су жаңа мәдениет үйіне өздеріңізбен бірге аяқ бастық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Тіл, мәдениет, руханият мәселесі ұлттық мүдденің өзегі ретінде саналатын. Әрине, бұл дұрыс, әрқайсысы ұлт болмысының арқауы» деп айрықша атап өткен болатын. Біз де осы бағытты басшылыққа ала отырып, мәдениет нысандарын жаңғырту ісіне баса мән беріп келеміз. Бұл жерде шығармашылық ұжымдар өз өнерін шыңдап, жастар рухани тәрбие алып, түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылатын болады. Осы игі істің жүзеге асуына атсалысқан құрылысшыларға, жобалаушыларға, мәдениет саласының қызметкерлеріне және барша тұрғындарға шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді.

кеңтт кент

Сонымен қатар ол аудан әкімі Е. Ихсановтың атынан мердігер компания мен мәдениет үйінің бірнеше қызметкерлеріне алғыс хат табыс етті.

 

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале