10.01.2017, 15:40
Оқылды: 61

Білім берудің жаңа моделі қолға алынды

minbaeva  Биыл орта білім беретін мектептерде жаңартылған білім мазмұнына көшу аясында бастауыш мектептің үлгілік оқу жоспарына 14 пән енгізілген. Ал оның үшеуі, жаңадан қосылған пәндер. Мектептерде ағылшын тілін оқыту сағаттары көбейтіліп, алғаш рет қазақ тілді мектептерде 1 сыныпқа «Орыс тілі» пәні енгізілген. Сондай-ақ, білім беру үрдісі барасында цифрлық оқыту ресурстарын қолдану мақсатында өткен жылдың күзінен бастап 106 шағын жинақты мектепті  техникалық құралдармен жабдықтау басталған. Ол үшін республикалық бюджеттен 105 млн. теңге қаражат бөлінген. 


  Бұл туралы бүгін Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен баспасөз брифингінде облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева мәлім етті. Сондай-ақ  ол орта білімнің жаңа оқу моделіне көшу мәселелері туралы баяндап, журналистердің бірқатар сауалдарына жауап берді.

  - Ең алғаш рет 2002 жылы 12 жылдықбілім беруге көшу бойынша алғашқы эксперименттер қолға алынғаны белгілі. Осыған орай, 2003-2004 жылдары біздің облысымыздың төрт мектебі (Зеленов ауданы 1 мектеп, Сырым ауданы 1 мектеп, Орал қаласынан 2 мектеп) экспериментке қатысты. 2014 жылы сол эксперименттік мектеп түлектері ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіш көрсетіп, 92,6 баллды құрады. Ал оқуға түсу 55 пайызды құрады. Елбасымыз 2011 жылғы өз Жолдауында 2020 жылға дейін 12 жылдық мектеп толықтай қызмет етуі тиіс екенін атап өткен болатын. Соған байланысты қазіргі білім беру жүйесінде бірқатар өзгерістер орын алды, - деп атап өтті Айгүл Әділгерейқызы.

  Басқарма басшысының айтуынша, 12 жылдық білім беруге көшудің басты мақсаты – 5-6 жастағы балаларды 0-ші сыныпта оқыту және мектеп алды даярлықтың біріыңғай типтік бағдарламасын енгізу. 2016-2016 жылдары жаңартылған білім бағдарламасы республика көлемінде 30 пилоттық мектепте, оның ішінде қала мектептері ғана емес, ауылдық мектептер де апробациядан өткен. Бұлардың тізімінде облысымыздың екі мектебі (Орал қаласының №36 М.Ықсанов атындағы және Теректі аудананының Шаған жалпы орта білім беретін мектептері) бар. Аталмыш мектептерде апробацияға 7 сыныпта білім алатын 146 оқушы қатысса, білім беруді 7 бастауыш сынып және 16 пән мұғалімдері жүзеге асырған. Апробациядан сәтті өткен бағдарлама 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздің барлық мектептеріне енгізілген. Сондай-ақ, жаңартылған білім мазмұнына сәйкес бес күндік оқу аптасына көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ. Кадр даярлау жұмыстары да жоспары түрде жүзеге асуда. Өткен жылы 2500-ден астам әртүрлі пән мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан сәтті өткен. Әр ауданда жаңартылған білім мазмұнына қолдау көрсететін 44 жетекші мектеп бектілсе, оған 345 «магниттік мектептер» тіркелген.

  Бұдан кейін басқарма басшысы журналистердің сауалдарына жауап берді. Оның ішінде Ақжайық ауданында жасөспірімдер арасында орын алған суицидтік оқиғаларға байланысты атқарылған іс-шаралар, жалпы білім беретін мектептерде турнике қою және т.б. білім саласына қатысты мәселелер сөз болды.

Ләззат Шағатай

 суретті түсірген Темірболат Тоқмамбетов

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале