24.10.2025, 16:00
Оқылды: 70

Жаңақалалық жастар жеңіс тұғырында 

Жуырда Казталов аудандында БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы қызметкерлері арасында Республика күніне орай дәстүрлі облыстық спартакиада ойындары өтті.  
image-24-10-25-11-25
Жаңақала аудандық ЖРО-да аталмыш додада бақ сынап, тамаша ойын үлгісін көрсетті. Бес асық жарысы бойынша Мейрамгүл Махамбетқызы 4 - орын, үстел теннисінен Ерсінбек Дәулетқалиев 1 - орын, дәстүрлі садақ ату бағамынан Алтынбек Болатов 2 - орын иеленсе, футзал мен арқан тартыс ойындарынан жүлделі 2 - орын бұйырды. Жарыс барысында 10 команда арасынан жаңақалалық жастар құрамалық есеппен 2-орынға ие болды.
Жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізді жүлдесімен құттықтаймыз.
Ақерке Мәлікқызы,
Жаңақала ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале