24.10.2025, 15:30
Оқылды: 178

Орал қаласында «FinIQ» қаржылық диктанттың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

2025 жылғы 23 қазанда Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің алаңында 2025 жылғы 10–20 қазан аралығында өткен республикалық «FinIQ» қаржылық диктантының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

4fb8cd22-3e9c-4502-a56f-e5b335b49993 +

Өткізілген диктанттың басты мақсаты –халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, ақпараттандыру және қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

86dd4574-5e5e-40d2-8a58-5885f277a41e

Іс-шараға облысымыздың 84 мыңнан астам тұрғыны қатысты. Олардың қатарында мектеп оқушылары, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, студенттер, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ қаржылық мониторинг субъектілері болды.

Салтанатты шара Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылық құрамы, «Аманат» партиясы және Халық банкінің өкілдерінің қатысуымен өтті. Қаржылық диктанттың 10 жеңімпазы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

33a93d42-fabb-4046-99ef-9ad834c9a083

Республикалық диктанттың өткізілуі азаматтардың өз қаржылық ресурстарына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және қаржылық қауіпсіздік мәдениетін нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

Облыстық Қоғамдық даму басқармасының баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале