24.10.2025, 17:45
Оқылды: 118

Мереке қарсаңында Жаңақала ауданында спорт алаңы ашылды  

Республика күні қарсаңында аудан орталығындағы Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінде спорт алаңының ашылу салтанаты өтті.
image-24-10-25-04-41-2
Оған аудан басшысы Алпамыс Көшкінбаев, округ әкімі Абат Ишанов, аудандық мәслихат депутаты, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры  Дәурен Жағыпаров, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлбану Дағарова, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Данял Танзенов, қамқоршылық кеңесінің төрайымы Рәбиға Ишекенова мен мектеп ұстаздары, оқушылар қатысты.
image-24-10-25-04-41-9
 «Серік Астана» ЖШС орнатқан  спорт алаңының құны 21 миллион теңге қаражатты құрайды. Бұл  алаң  балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға үлес қосып, салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді. Алпамыс Жаңабайұлының құттықтау лебізінен кейін, келесі сөз тізгінін алған Рәбиға Сағынғалиқызы қамқоршылық кеңестің қолдауымен  аталмыш мектептің бірқатар үлгілі оқушысына бір реттік шәкіртақы табыс етті.
image-24-10-25-04-41-7
Сондай-ақ шара барысында мектеп ұжымы сазды бағдарламаларын ұсынды. Еске сала кетелік, 1979 жылы негізі қаланған бұл білім ордасы өз тарихында сан мың шәкіртті ұядан ұшырып, қияға самғатты. Өткен жылы республика көлемінде ең үздік 100 мектептің қатарына енген болатын.
image-24-10-25-04-41-3
«Мектеп оқушыларының білімді де, білекті  болғаны біз үшін өте маңызды. Спорт – денсаулық кепілі. Сондықтан біз әрқашанда білім мен спортты қатар алып жүруіміз керек. Жаңа спорт алаңы мектеп оқушыларының спортпен айналысып қана қоймай, елімізге ертеңгі күннің мықты азаматын қалыптастыруға септігін тигізеді деп сенемін. Мереке қарсаңында дәл осылай жаңа спорт алаңының берілуімен баршаңызды құттықтаймын. Бүгінгі қуаныш бәрімізге ортақ. Игі істің жүзеге асуына ұйытқы болған аудан әкіміне алғысымыз мол», - дейді мектеп директоры Бегайым Төлеуғалиқызы.
Ресми ашылудан кейін спорт алаңында мектеп оқушылары баскетбол ойынынан спорттық дағдыларын көрсетті.
Айзада Ақбасова, 
Жаңақала ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале