24.10.2025, 17:25
Оқылды: 222

«STUD UP – 2025»: Оралда студенттік спорт мерекесі жоғары деңгейде өтті

Республика күні қарсаңында Орал қаласында өткен дәстүрлі «STUD UP – 2025» облыстық студенттік спартакиадасы өз мәресіне жетті. Биылғы жарыс жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, достық пен бірлікті нығайтудағы маңызды оқиғаға айналды.

студ кап (4)

Спартакиаданың салтанатты ашылуы «Жайық Арена» спорт кешенінде өтті. Шараның құрметті қонақтарыкешен директоры Артур Шерғалиевпен БҚО Қоғамдық даму басқармасының азаматтық қоғам және жастар ісі бөлімінің басшысы Мирфат Бисекенов қатысып, студенттерге сәттілік тілеп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын атап өтті.

студ кап (10)

«Мұндай жарыстар жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, бір-бірімен тәжірибе алмасуына, жаңа достық байланыстар орнатуына мүмкіндік береді. Спорт – тек дене шынықтыру емес, ол тәртіп пен рухтың мектебі»,дедіМирфат Бисекенов.

студ кап (12)
Биылғы
додаға өңірдің төрт жоғары оқу орнынан жүзге жуық студент қатысып, оннан астам спорт түрі бойынша өзара бақ сынасты. Жарыс бағдарламасына волейбол, шағын футбол, арқан тартыс, үстел теннисі, садақ ату, жүзу, асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ және қол күресі енді.

Қатысушы оқу орындары қатарында:

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіБатыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті бар.

студ кап (11)

Әр команда өз оқу орнының намысын абыроймен қорғап, тартысты бәсекеде жоғары деңгейде өнер көрсетті. Спартакиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар мен дипломдар табысталды.

студ кап (8)

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «STUD UP» жобасы жыл сайын жастардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, спортты серік еткен студенттер қатарын көбейтуге бағытталған.

студ кап (5)

«STUD UP – 2025» спартакиадасыжастардың рухын көтеріп, спорт пен достықтың символына айналған айтулы шара. Осындай бастамалар арқылы өңір жастарының спорттық әлеуеті артып, салауатты өмір салтын ұстану мәдениеті нығая түсуде.

Бекзат Қанәділ, 

zhaikpress.kz

студ кап (3)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале