25.10.2025, 14:30
Оқылды: 129

Бөрліде мерекелік концерт өтті

Бөрліде 25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Мемлекеттік гимннің орындалуымен басталған салтанатты шараны жас мемлекетік қызметкерлері ант қабылдаумен жалғастырды.

251

Атап айтсақ олар: Бөрлі ауданыныңи тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы С.Имашева мен Ақсай қаласы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімшесінің бас маманы А.Оралбаев.

2555

Одан әрі мерекелік кеште Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары А. Тоқжанов құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар аудан дамуына үлес қосып жүрген түрлі сала қызметкерлерін марапаттады.

255554

Сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат агенттігінің бұйрығы бойынша, облыстық халық шығармашылығы орталығының жетекші маманы Б. Қайыров бірнеше шығармашылық ұжымға «Халықтық» атағы куәлігін табыс етті.

255555

Марапаттаулар мен құттықтаулар одан әрі аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.

Сәнім Меңдібай,
Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале