26.10.2025, 10:08
Оқылды: 102

Сырым ауданы: Алғабаста мәслихат депутатының сайлауы өтіп жатыр

Бүгін Алғабас ауылдық округінің тұрғындары Сырым аудандық мәслихатының №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлау өтуде.

IMG_2395

№316 учаскелік сайлау комиссиясы таңғы сағат 6.50-де жұмысын бастады. Мемлекеттік Гимн ойнап, №316 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Айымгүл Ибрашева сөз сөйлеп ашты.

IMG_2392
Сайлау учаскесі бойынша 716 сайлаушы бар. 13 сайлаушы үйден дауыс беруге өтініш берген. Келген бюллетень саны — 726.

IMG_2394
Сағат 7-де ең бірінші келіп ауыл тұрғыны Гүлнар Сағынғалиева өз таңдауын жасады. Оған комиссия төрағасы естелік сыйлық табыс етті.
Айта кетейік, сайлау науқаны аясында округ бойынша үш кандидат ұсынылып отыр. Олар – Жүкеева Арайлым Серікбайқызы, Мағрашев Дархан Абайұлы және Мамбеталиева Көркем Қайырбекқызы.

IMG_2393
Байқаушы ретінде «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінен Зоя Акимгужина, «Сырым жастары» қоғамдық бірлестігінен Арай Тұрлан, Света Хаймулдина мен «Аманат» партиясы атынан, Арайлым Жукееваның сенімді өкілі Күмісай Амангелді қатысуда.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале