Бүгін Сырым ауданы аумағында өтіп жатқан мәслихат депутатын сайлауына ауыл тұрғындары белсенді қатысуда.

Алғабас ауылындағы №316 сайлау учаскесінде де тұрғындар өз таңдауларын жасауға асықты. Егде жастағы қариялар мен алғаш рет дауыс беруге келген жастардың көңіл-күйі ерекше. Мұнда мұғалімдер ұлттық киіммен келіп дауыс берді. Ұстаздар ұлттық киім киіп, сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. Қазақы өрнекпен кестеленген камзол киген ұстаздардың бұл бастамасы көпшіліктің назарын аударды.

Медицина қызметкерлері өздерінің тікелей міндетін – халық денсаулығын қорғауды бірінші орынға қойғанымен, ел алдындағы азаматтық борыштарын да назардан тыс қалдырмады.
Шақырудан (вызовтан) оралған ақ халатты абзал жандар тікелей сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
– «Біз күнделікті адамдардың саулығы үшін қызмет етеміз. Ал сайлауда дауыс беру – еліміздің болашағы үшін жауапкершілік», – дейді Алғабас дәрігерлік амбулатория қызметкерлері.

Сайлау комиссиясының мүшелерінің айтуынша, дауыс беру барысы заң талаптарына сай, ашық әрі әділ өтіп жатыр. Таңертеңгі сағаттардан бастап қатысушылардың белсенділігі жоғары болғанын байқауға болады.

Зейнеткерлер Ақкенже Ағжанова, Амангелді Есеев, ардагер ұстаз Саламат Қаналиев үйден дауыс берді.
Түске дейін 180 сайлаушы таңдауын жасады.
Шынар Молданиязова
Сырым ауданы