29.10.2025, 20:00
Оқылды: 140

Бөрліде “Даналар додасы” өтті

Бүгін Бөрлі ауданында ел бірлігін сақтап, ел дамуына үлес қосып келе жатқан ұрпағына өнегелі өмір өрнегін көрсетіп жүрген қазыналы дана қарттарымыздың арасында “Даналар додасы” өтті. 

Даналар додасы (1)

Әр топтан 5 қатысушымен толыққан 5 топ додаға түсті. Олар: ардагерлер кеңесінен құралған “Барыс”, ардагер ұстаздардан құралған “Шаңырақ”, ардагер мемлекеттік қызметкерлерден құралған “Қазына”,  ауыл ақсалдарынан “Үміт” және “Бөрлі батырлары” топтары. Алғы сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақмарал Исмагулова-қатысушы дана қарттарға жас буынға үлгі болып ұзақ жасаңыздар деп, сәттілік тіледі.

Даналар додасы (8)

5 кезеңнен тұратын сайыста қатысушылар топ болып, суреттерден мақал құрап, салт-дәстүр, ұлттық ойындарды тауып, сұрақтарға жауап беріп, топ басшылары да жекелей додаға түсті. Тартысты да, қызықты өткен сайыста білім саласы ардагерлерінен құралған “Шаңырақ” тобы суырылып алға шығып, даналар додасының жеңімпазы атанды. Соңында барлық қатысушыларға жекелей сыйлық ұсынылып, естелік суретке түсті.

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

Даналар додасы (5) Даналар додасы (4)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале