30.10.2025, 10:50
Оқылды: 158

БҚО-на биыл 183 жас дәрігер келген

Бұл туралы Тасқала ауданында халықпен кездесу өткізіп жатқан Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдиев айтты.

WhatsApp Image 2025-10-30 at 11.44.03 (1)

- Біздің мақсат халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету. Соның ішінде жоғары білікті медицина мамандарымен қамту біздің бірінші орындағы қызметіміз. Тек биыл БҚО-на 183 жас дәрігер келді. Олардың бәрі де білікті мамандар. Ол жас мамандар қала мен аудан, ауылдарға бөлінді. Қазір қызметтерін атқарып жатыр, - деді вице-министр өз сөзінде.

Кездесу барысында Тасқала ауданының тұрғыны, қоғам белсендісі, Нұрлан Мамбетов ауданға келген жас мамандарды баспанамен қамту мәселесінде қиындық барын айтып, ауданға келген 7 жас дәрігерді баспанамен қамтуды сұрады.

Тұрғынның бұл сұрағына БҚО әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов жауап берді.

- Облысқа келетін жас мамандарды қызметтік баспанамен қамтамасыз ету ол әкімдіктің міндетіне кіреді. Биыл облысқа 183 жас дәрігер келді. Ол біздің облыста бұрын-сонды болмаған дүние. Бізге әрі кетсе 40-50 дәрігер келетін. Биыл жас мамандар көптеп келуіне байланысты баспанамен қамту мәселесінде уақытша қиындықтар бар. Бұл нақты Тасқала ауданына ғана қатысты емес. Біз бүгінгі күні Тасқала ауданының әкімімен жас дәрігерлерді баспанамен қамту мәселесін шешу жолдарын қарастырып жатырмыз. Өңірге келген жас дәрігерлер баспанасыз қалмайды, біз жақын арада бұл сұрақты шешеміз, - деді аймақ басшысының орынбасары Тілепберген Каюпов.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале