30.10.2025, 20:00
Оқылды: 53

Жәнібек ауданы екі көшеге асфальт төселді 

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Жәнібек ауылының батыс бетіндегі А.Оразбаева мен Наурыз көшелерінің автомобиль жолына асфальт төселіп, қолданысқа берілді.

image-30-10-25-10-21-2 (1)

2024 жылдың қараша айында бастау алған құрылыс жұмыстары ауыспалы тәртіппен биыл күн райы бұзылғанша аяқталды. Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Арман Түйебаевтың бізге берген мәліметі бойынша, құрылыс жұмыстарын «Ақтөбе Жарық» ЖШС атқарды. «PremierExpert» ЖШС техникалық, ал «MG Design Incorporated» авторлық бағытта қадағалады.​

image-30-10-25-10-21 (1)

- Жобаның жалпы құны 786 067 мың теңгені құрайды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына сай қаражат республикалық бюджеттен бөлінді. Автомобиль жолының ұзындығы 5,7 шақырым. Одан бөлек, жол жиегіне 205 бағана жарық шамдар орнатылды. Шекара заставасының маңына автотұрақ салынды.

image-30-10-25-10-21-1

Құрылыс жұмыстары кезінде «Өңірлік карта» жоспарына сәйкес 8 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар 5 жердегі жер үсті газ құбыры жер астына ауыстырылды, - деді маман.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале