Бұл туралы Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов айтты.

- Қаланың сыртқы келбетін ретке келтіру және тұрғындар арасындағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында қала көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Былтыр ұзындығы 15 шақырым болатын үш көшеге жарық өткіздік. Ал биыл жалпы ұзындығы 22 шақырым болатын екі көшеге жарық жүргізу жұмысы жүргізілді. Ол Сырым Датов көшесі мен Жәңгір хан көшелері. Бұдан бөлек қаладағы нысандар мен үйлердің сыртқы бетіне сәндік жарықшамдар орнату жұмысы да жүргізілуде. Былтыр осы бағытқа 600 млн теңге қаржы бөлініп, 13 нысанға жарықшамдар қойдық. Ал биылғы жылы 40 млн теңге қаржыға 7 нысанға сәндік жарықшамдар орнатудамыз, - деп атап өтті Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов.