Қазанда бұл сегменттегі бағалар қыркүйекке қарағанда 0,8%-ға төмендеді деп көрсетілген ҚР СЖРА ҰСБ деректерінде. Айлық мәнде төмендеуі 2020 жылдың мамыр айынан бері алғаш рет тіркеліп отыр.

Ресми есептеулерге сәйкес. қазанда “Тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және басқа да отын түрлері” сегментінде бағалар айдан айға 3,5%-ға төмендеген. Толық талдау әлі жарияланбағанымен, жалпы алғанда Алматыда судың тарифтері уақытша төмендегені белгілі (тұтыну көлеміне қарай дифференцияланған тарифтер схемасының уақытша тоқтатылуына байланысты).
Бұл ретте ақылы қызметтердің арзандауы, тиісінше, айлық жалпы инфляция көрсеткішін де төмендетті: бағалар 0,5%-ға өсті, ал қазан айы үшін мұндай төмен деңгей соңғы рет 7 жыл бұрын тіркелген еді. Сондай-ақ азық-түлік бағасы қыркүйекке қарағанда 1%-ға, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,2%-ға қымбаттаған.
Жылдық инфляцияның жайы қалай?
Мұнда да негізгі әсер тигізіп отырған сол қызметтер: бұл сегменттегі көрсеткіш қыркүйектегі 15,3%-дан 12,9%-ға дейін күрт баяулады. Бұл өз кезегінде жалпы инфляцияны жылдан жылға бір ай бұрынғы 12,9%-дан қазіргі 12,6%-ға дейін төмендетті. Ал азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар сегменттерінде керісінше жеделдеу жалғасуда (динамика төмендегі графикте көрсетілген).